6 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ күтіледі

6 желтоқсанда Павлодар облысында көктайғақ күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ күтіледі. 

Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14, түнде батыста, облыстың оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с құрайды. 

Ауа температурасы түнде және күндіз 0-5 °C, облыстың солтүстігінде 5°C аяз күтіледі, күндіз одан әрі төмендейді.

Павлодар қаласында күн бұлттанып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыс желі 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Сынап бағанасы түнде 0-2°C, күндіз 2-4°C  көрсетеді.