Ертіс ауданында ет өңдеу кешені салынады

Ертіс ауданында ет өңдеу кешені салынады
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Жаңа комбинатта халал стандарттарына сай мал сою әдісі қолданылатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Западный» шаруа қожалығының ет өңдеу кешенінің құрылысы 2025–2026 жылдарға жоспарланған. Комбинатта мал шаруашылығы өнімдері өңделіп, ет өнімдері, бөлшектері, консервілер, жартылай фабрикаттар және вакуумды қаптамадағы ет шығарылады. Жоспарланған қуаттылығы – жылына 1500 тонна.

Кешенде 1045 ірі қара мал және жүз жылқы бар. Құрылыс аяқталғаннан кейін 25 жұмыс орны ашылады. Инвестиция көлемі – 1,5 миллиард теңге.

«Ертіс ет» жобаның тартымдылығы – мемлекет қолдауы арқылы жүзеге асырылуда. Субсидиялардың арқасында шаруа қожалықтарынан сатып алу бағасын арттыра аламыз, – деді жоба жетекшісі Нұржан Усин.

Бүгінгі таңда жоба әзірленіп, сараптамадан өтті. Өңір басшысы Асайын Байханов жобаның жүзеге асу барысымен танысу үшін Ертіс ауылына барды.

– Алдымен өңірлік комиссиядан өту үшін құжаттарды тапсыру қажет. Комиссия шешімінен кейін тиісті басқармаға қаржыландыруға өтінім беріледі. Қазан айының басында бүкіл бюджет бекітіледі, сондықтан асығу керек, – деді аймақ басшысы.

Жоба 16 қыркүйекте қабылданды, бірқатар кемшіліктер анықталды. Жобадағы техникалық түзетулерді пысықтауға тағы бір апта қажет. Жоба толықтай 3 қазанға дайын болады.

Электр қуаты мен сумен қамтамасыз ету бойынша жеке жобалар әзірленіп жатыр. Электр желісін тартуға – 94 миллион, ал су тартуға 7,3 миллион теңге қажет.

Ет өңдеу кешені Ертіс ауылының маңында орналасады. Халал мал сою үшін түрік өндірісінің жабдықтары қолданылатын болады.