Павлодарлық полицейлер Мемлекеттік Гимнді бір уақытта орындады

Павлодарлық полицейлер Мемлекеттік Гимнді бір уақытта орындады
Фото: Павлодар облыстық ПД

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздікті, бостандықты, мемлекетімізді бейнелейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысының полиция департаментінде тәртіп сақшылары Мемлекеттік рәміздер күні  Мемлекеттік Гимнді орындау бойынша акция өткізді. Кейін полицейлер Павлодардың орталық жағалауымен жүгірді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты  - мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге баулу, жас қызметкерлердің патриоттық сезімдерін арттыру.

Бұл – тек көркемдік бейнелер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздікті жүзеге асыру идеялары. Елтаңбаның, Тудың және өз елінің Әнұранының қалай көрінетінін білу ғана емес, олардың символикасын түсіну де маңызды.   

1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады. 

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – еліміздің тәуелсіздігі мен бірегейлігі, идеяларының іске асуы. Олар азаматтардың мемлекет негіздеріне құрметпен қарауына, Отанға деген сүйіспеншілігіне тәрбиелеуге ықпал етеді және қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер Павлодар облысының полиция  департаментінде өткізілетін барлық салтанатты іс-шаралардың міндетті атрибуты болып табылады. Жауынгерлік және қызметтік даярлық жүйесіндегі сабақтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін зерделеу, насихаттау, қолдану, орналастыру және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөнінде мақсатты жұмыс жүргізіледі.