6 қазандағы референдумның қорытындылары шықты
Дауыс беру құқығына 12,3 миллион қазақстандық ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Орталық референдум комиссиясы жариялаған мәліметке сүйенсек, олардың 7,8 миллионы немесе 63,66 пайызы референдумға келді. Елде атом электр станцияларын салуға 5,6 миллион немесе азаматтардың 71,12 пайызы дауыс берген. 2,04 миллион адам қарсы болған. 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылды.
ОРК референдум өтті деген шешім шығарды, өйткені дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысты. Осылайша атом электр станциясын салу мәселесі бойынша шешім қабылданды деп саналады, өйткені дауыс беру нәтижесінде сайлаушылардың жартысынан көбі қолдау білдірген.