7 қарашада Павлодар облысында күн салқындайды
Жел оңтүстіктен соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында жел екпіні 15–20 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +1...+6 градус, облыстың шығысында -2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +3...+8 градус аралығында болады. Солтүстік және шығыс аудандарда тұман күтіледі.
Ал Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +3...+5 градус шамасында болады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +6...+8 градусқа дейін көтеріліп, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.