Құрбан айт: Павлодарда мал сою ветеринариялық маманның бақылауымен жүзеге асырылады

Құрбан айт: Павлодарда мал сою ветеринариялық маманның бақылауымен жүзеге асырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мереке 6-8 маусым аралығында өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық аумақтық инспекциясында ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара және ұсақ малды) союды қалалық сою пункттерінде және жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген орындарда жүргізетінін атап өтті.

– Союға арналған ауыл шаруашылығы жануарлары бір жастан асқан, клиникалық сау, ені бар болуы керек.  Сондай-ақ, союға әкелінетін жануарлар №1 нысандағы ветеринариялық анықтамалармен қоса жолданып, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру дерекқорында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілгендігі туралы ақпарат болуы тиіс. Оған қоса, малдарды сою ветеринариялық маманның бақылауымен жүзеге асырылуы керек, – деді инспекцияда. 

Сойылғаннан кейін ауыл шаруашылығы жануарларының ұшалары және ішкі мүшелері ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізілуі керек. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы жануарларын анықталмаған жерлерде және жеке қосалқы шаруашылықтарда, сондай-ақ көпқабатты үйлердің тұрғын аудандарында союға тыйым салынады. Малдарды союдан кейін механикалық тазалау жүргізіп, биологиялық қалдықтарды жою және дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет.

Павлодар қалалық аумақтық инспекциясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы ережелерді қатаң сақтауды сұрайды. 

Басқа да сұрақтар бойынша облыстық ветеринария басқармасына, станциясына және қалалық ветеринариялық станция мен аумақтық инспекциясына жүгінуге болады.