Алаяқтар Павлодар облысының тұрғындарын қандай әдістермен алдайды?

Алаяқтар Павлодар облысының тұрғындарын қандай әдістермен алдайды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс тұрғындары бір мыңнан астам алаяқтықтың құрбанына айналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желілерде де күшейе түсті. 

Полиция жүргізіп жатқан іс-шараларға қарамастан, облыс тұрғындары интернет-алаяқтықтың құрбаны болуда. Бүгінгі таңда өңірде 1009 алаяқтық тіркелген, оның 795-і ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалған, – деді облыстық полиция департаменті криминалдық полиция бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Танжанов.

Ең көп таралған түрлерге Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz сауда алаңдарында жалған жарияланымдар жасау, сондай-ақ Қытайдан келетін заттарды арзан бағамен сатамыз деген желеумен Whatsapp әлеуметтік желісінде жалған аккаунттар құру жатады.

Мысалы, павлодарлық жедел қызметкерлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Krisha.kz сайтында жалған хабарландырулар жасап, жалған пәтерлерді Қазақстанның түкпір-түкпірінде төмен жалдау ақысын және жақсы тұрмыстық жағдайды ұсынып отырған көрші облыстың тумасын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді анықтау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Екібастұзда WhatsApp желісінде топ құрып, жұмыс істемейтін банктік салымдар мен акцияларға инвестициялау желеуімен ақша шоттарын жылжыту қызметін ұсынған елорда тұрғыны ұсталды. Чатта 200 адам болды.

Тәртіп сақшылары азаматтардан өздерін банк қызметкерімін немесе құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған белгісіз тұлғалардан қоңыраулар түскен жағдайда қырағы болып, дүрбелеңге түспей, банк пен құқық қорғау органдарының тексерілген және сенімді телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Полицейлер азаматтардан алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.