Павлодарда аудандық тауар өндірушілер арзан бағамен өз өнімдерін ұсынады

Павлодарда аудандық тауар өндірушілер арзан бағамен өз өнімдерін ұсынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 29 қарашада Торговая көшесі, 2А құрылысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз, Ақсу қалалары, сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады.