Павлодар облысында табиғатты қорғау су жіберулері лимандарды суаруға ықпал етті

Су жіберулер сонымен қатар облыстағы көлдерді толтырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл өңірде 33 мың гектардан астам лиман суландырылды
– Шідерті лиманды суару жүйесі арқылы жүргізілген экологиялық су жіберулер аясында «ҚазСуШар» РМК Павлодар филиалы Екібастұз қаласының ауылдық аумағында, атап айтқанда Екібастұз, Ақкөл және Сарықамыс ауылдық округтерінде, сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы Жолболды, Басқамыс және Жалаулы ауылдық округтерінде 21 мың гектардан астам жерді суландырды, – деп мәлімдеді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз орталығы.
Су жіберулер сонымен қатар Павлодар облысындағы Әулиекөл көлдер жүйесін, Бәсентиін және Шығанақ көлдерін толтыруға бағытталды.
– Павлодар облысындағы «ҚазСуШар» филиалы жыл сайын экожүйені сақтау мақсатында экологиялық су жіберулер жүргізеді. Бұл өңірдің қоршаған ортасы мен биологиялық әртүрлілігін сақтауға, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және облыс экономикасының дамуына ықпал етеді. Мұның бәрі жергілікті халықтың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді, – деді Павлодар облысының «ҚазСуШар» филиалы директоры Арман Оспанов.
Жоғарғы Ертіс су қоймалары каскадынан су жіберу аясында Қолыбаев массивінде Қазан, Саты және Малайсары ауылдық округтерінің аумағындағы шамамен 12 240 гектар лиман суландырылды.