Ант қабылдау, гендер пати: Павлодарда сарбаз ерекше сәтті өткерді

Ант қабылдау, гендер пати: Павлодарда сарбаз ерекше сәтті өткерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол жұбайы дүниеге қыз баласын әкелетіндігін білген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айының он сегізінші жұлдызы Ұлттық ұланның Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткеретін Иван Криулин үшін тебіреніске толы шақ болды.

Ол бұл күні біріншіден Отан алдында адал әрі абыройлы қызмет етемін деп ант қабылдаса, екіншіден екіқабат әйелінің дүниеге қыз немесе ұл әкелетіндігінен хабар алған.

Әскери бөлімдегі қатардағы жауынгер алдымен семсер сүйіп серт беріп, ел алдында жігерлене ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімінен кейін жұбайы Анастасиямен Ертіс жағасында гендер пати ұйымдастырды.

– Бір күні жұбайым туған күніме не қалайтынымды сұрады. Әйелімнің бұл сауалына тосылмастан ұл немесе қыз қалаймын деп жауап бердім. Міне, жан-жарым менің қалауымды орындады. Бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Мен Отан алдындағы борышымды абыройлы өткеріп, еліме қалқан болып қана қоймай, кестетігеріме қамқор да үлгілі әке болуға барымды саламын, – дейді қатардағы жауынгер. 

Әскер қатарына Семей қаласынан шақыртылған Иван Криулин әйелі Анастасиямен 2021 жылы желтоқсан айында танысқан. Ұландық жұбайының аяғы ауыр екендігін өткен жылдың күз уақытында білген. Ол ант қабылдау рәсімінде ұйымдастырылған тосын сый үшін жұбайы мен барша туыстарына алғысын білдіреді.

Айта кетейік, әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өткеретін сарбаздар Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарынан және Қарағанды, Семей қалаларынан шақыртылған.Жас сарбаздар енді бір жыл көлемінде Павлодар қаласындағы түзеу мекемелерін күзететін жауынгерлік қызметті атқарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от qaz.pavlodarnews.kz (@qaz.pavlodarnews.kz)