Екібастұздықтар енді жол жүру куәлігін алу үшін Павлодарға келмейді
Кеншілер қаласында жаңа автодром ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Павлодар автодромында ағымдағы жылдың наурыз айында жаңғырту жүргізілді, ескірген магниттік датчиктер жаңа GPS-жүйеге ауыстырылды. Бұл жүйені Екібастұз автодромы емтиханнан өту спутниктік сигнал арқылы жүзеге асырылады, – дейді Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Асылбек Сапарбекұлы.
Айта кету керек, жүргізуші куәлігін алу үшін үміткер теориялық және практикалық емтиханды тапсырады. Теориялық 40 сұрақтан тұрады. Оны тапсыру үшін кем дегенде 32 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Практикалық емтихан жаңа GPS жүйесімен жабдықталған тізбектегі 12 тапсырмадан тұрады.
Жаңа автодром Екібастұз қаласында, М.Жүсіп 92\2 мекенжайында орналасқан. Азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз қабылдайды.