Тереңкөл ауданында алғаш рет жаңа дақылдар жиналды
Өнімділік жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Манғұтовтың айтуынша, алғаш рет «Агрокультура» шаруа қожалығының 200 гектар суармалы алқаптарында қызылша мен пияз егілді. Өнімділік гектарына 35-40 тоннаны құрады.
– Орташа алғанда, биыл шаруалар үшін жемісті жыл деп айтуға болады. Көптеген жаңа дақылдар отырғызылды. Оның ішінде рапс, жасымық, зығыр, мақсары бар. Тереңкөл ауданында елді мекендердің шамамен 50 пайызы Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Суаруды қолға алып, дамыту қажет. Мысалы, Қызылтаң, Песчаное, Береговое ауылдарында суару жерлері бар. Биыл суаруда 4 772 гектар алқапта дақылдар өсірілді, – дейді Азамат Манғұтов.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау алаңы 276 мың гектарды құрады. Дәнді дақылдар толығымен жиналды, майлы дақылдарды жинау ғана қалды.
Күзгі-дала жұмыстарын жүргізуге 4973 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ірі жемшөп дайындау бойынша 95 мың гектар шабындық алқап шабылды, 138 мың тонна шөп 121 пайызға дайындалды, орташа өнімділік гектарына14 центнерді құрайды.
Шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малдың саны 25 361 басты құрады, оның ішінде сиыр – 13 713 бас, шошқа – 1394 бас, қой – 48 356 бас, ешкі – 664 бас, жылқы – 10834 бас, құс – 40529.