Павлодардың бірнеше көшесінде су уақытша тоқтатылады

Павлодардың бірнеше көшесінде су уақытша тоқтатылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Павлодар Водоканал» тұрғындарды алдын ала су қорын жинап қоюға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

4 қараша күні сағат 09:00-ден 5 қараша күні 06:00-ге дейін Толстой көшесі, 84 және Назарбаев даңғылы, 65 мекенжайларында су құбырларын қайта қосу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бірқатар үйлерде су беру уақытша тоқтатылады. 

Су болмайтын мекенжайлар тізіміне Толстой көшесі, 84, Назарбаев даңғылы, 59/1, 59/2, 59/2а, 65, 69/9, 71, 81, Естай көшесі, 89, 89А, Бекмаханов көшесі, 115, 115Б, 115/1, 115/2, 115/8, 115/10, 115/13, 115/18 үйлері кіреді.

«Павлодар Водоканал» ЖШС өкілдері бұл уақытша қолайсыздықтар тұрғындарды сапалы сумен қамтуды жақсарту мақсатында жасалып жатқанын атап өтті.