Павлодар облысындағы кәсіпорын күнбағыс майымен өңірідің сұранысын қамтуға дайын

Павлодар облысындағы кәсіпорын күнбағыс майымен өңірідің сұранысын қамтуға дайын
Фото: Есенжол Исабек

«Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күнбағыс майы нарығын өзгертуді көздеп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Байханов Успен ауданындағы жұмыс сапары кезінде күнбағыс майын өндіру зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпкер жобаны дамытуға өз қаражатынан 120 миллион теңге салғанын айтты.

Оның айтуынша, олар тазартылмаған май өндіріп, осы бағытты дамытуға кіріскен. Өнімнің негізгі бөлігі ең алдымен құс фабрикаларына жаппай сатылады. Тапсырыс бойынша дүкендерге, соның ішінде Павлодар қаласындағы ірі супермаркеттерге күнжара мен май жеткізеді. Кәсіпорын шағын, бірақ перспективалы тауарды иеленген. Биылғы жылы Өскемен мен Қарағанды қалаларына тауар жеткізді.

–  Ішкі нарықта тазартылмаған күнбағыс майы іс жүзінде жоқ. Біз тәулігіне төрт тоннаға жуық шикізатты өңдейміз, – дейді Александр Касицин.

Зауыт шикізатының жылдық шығыны 2500 тоннаны құрайды. Компания жақын арада қосымша жабдықты қосуды жоспарлап отыр.

–   Күнжара тым майлы болып шықты, қалған майды алуымыз керек. Қазір тәулігіне төрт тонна өңдеп жатырмыз, бірақ толық қуатында бұл көрсеткішті 12-ге дейін ұлғайта аламыз. Күнжараның құны тоннасына 80-85 мың теңгені құрайды, – деді ол.

Облыс әкімі Асайын Байханов жобаның экономика үшін ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігі үшін де маңыздылығын, өнімнің пайдасын атап өтті.

Еске сала кетейік, аймақ басшының жұмыс сапары кезінде аудан әкімі Нұрболат Мақашев көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндама жасап, биылғы жылы аудан бойынша жалпы егіс алаңы 251,8 мың гектарды, оның ішінде астық дақылдары 139 мың гектарды құрағанын айтқан болатын.