Астана – Павлодар тасжолындағы жол апатынан төрт адам зардап шекті

Астана – Павлодар тасжолындағы жол апатынан төрт адам зардап шекті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиғаның мән–жайын тергеу анықтайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

29 мамыр күні Астана – Павлодар автожолында Төртқұдық ауылы маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше, «103» нөміріне хабарлама сағат 21:54-те жолдан өтіп бара жатқан жүргізушіден түскен. Ол жеңіл автокөліктің жол қоршауына соғылғанын хабарлаған.

Оқиға орнына Шідерті ауылындағы тірек пунктінің жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының мамандары барған. Дәрігерлердің айтуынша, куәгердің қоңырауынан кейін жету уақыты 12 минутты құраған.

Зардап шеккендердің екеуі көптеген жарақат алып, травмалық шок жағдайында болған. Оларға ауруханаға жеткізгенге дейінгі аралықта толық көлемде шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, кейін Екібастұз қалалық ауруханасына тасымалдаған.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Оқиғаның мән–жайы тергеуден кейін белгілі болады.