Екібастұзда алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру фактісі анықталды
Қала тұрғынынан 100 литрден астам алкоголь сұйықтығы тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өнімді 55 жастағы қала тұрғыны пәтерінде сақтаған.
- Тәркіленген өнім мен құралдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыреті бойынша Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді, - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Павлодарская көшесіндегі пәтерде самогон аппараты, көлемі 38 литр фляга, жалпы көлемі 106 литр болатын этил спиртінің ерекше иісі бар мөлдір сұйықтықпен толтырылған 68 пластик бөтелке тәркіленді.