Павлодар облысында резерваттан орман ұрлау фактісі расталмады
«Ертіс орманы» резерватында аталған жағдайда қатысты шағымы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Мемлекеттік орман табиғи резерватында Павлодар облысының полиция департаменті 2023 жылы 18 тамызда Instagram әлеуметтік желісінде орманды ұрлау фактісі бойынша жариялаған жазбаға қатысты пікір білдірді.
– «Ертіс орманы» резерваты биыл 9 тамызда Шалдай филиалының Первомай орманшылығынан – № 157 кварталдан бастап жаппай санитарлық кесілген (өртенген) ағаштар Р. Р. Гарифуллин басқарған «КамАЗ» көлігіне тиелген. Бұл көлік ішкі орын ауыстыруды өлшеу жапсырмасы бойынша Шалдай филиалының өндірістік учаскесіне жіберілген. Сол жерде бұл ағашқа резерват кассасына төлем жасалып, 9 тамызда орман өнімдерін жөнелтуге жүкқұжат жазылған, – деді резерватта.
Алайда Абай облысы Семей қаласына бара жатқан жолда резерват аумағында автокөлік істен шыққан. «КамАЗ» көлігін жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін жүргізілген, осыған байланысты жүкқұжаттың артқы жағында орман өнімдерін әкету мерзімін ұзарту туралы виза жазылған.
10 тамыз күні аталған орманшылықтан Н. Мұқатаев басқарған «КамАЗ» маркалы жүк автокөлігіне № 33 кварталдан іріктелген санитарлық ағаш (құрғақ) тиелген. Бұл көлік ішкі орын ауыстыру белгісі бойынша Шалдай филиалының өндірістік учаскесіне жіберілген және сол жерде ағашқа резерват кассасында төлем енгізіліп, 10 тамыздан орман өнімдерін босатуға жүкқұжат жазылған.
– 10 тамызда Семей қаласына барар жолда Малая Владимировка ауылы маңында Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған автомашиналарды ұстап, Абай облысы Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің айып тұрағына жеткізген. 12 тамызда ұсталған автокөліктер аумағы бойынша Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөліміне жеткізілген, – дейді резерватта.
Бұдан әрі резерват тарапынан Шарбақты ауданының аудандық полиция бөліміне егжей-тегжейлі тексеру және нақты өлшеу үшін тұраққа орман патологы инженері жіберілген.
Зерттеу нәтижелері бойынша ағаштың ассортименті және жөнелтуге арналған жүкқұжатта көрсетілген орман өнімдерінің көлеміне сәйкес келетіндігі анықталған.
Қазіргі уақытта Шарбақты ауданының полиция бөлімі тиелген орман өнімдеріне тәуелсіз (шамамен 21-22 тамыз) биологиялық сараптама тағайындады. Істі тексеру нәтижесінде орман ұрлау және залал келтіру фактісі анықталмады.
Еске сала кетейік, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірге Павлодар - Семей автожолында ағаш ұрыларын құрықтағаны туралы хабарлаған.