Астанада ретро-фестивальде 12 мың көрермен Қазақстанның Әнұранын орындады

«Барыс Арена» спорт кешенінде өткен оқиға барлық жастағы көрерменді бір арнада тоғыстырып, бірлік пен патриотизмнің символына айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ел үшін мақтаныш пен ортақ күш қатысушылардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталатын мерекенің ұмытылмас атмосферасын құрды.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан астанасының орталық көшелеріндегі LED-экрандарында, ҚТЖ, ЭКСПО ғимараттарының медиа қасбеттерінде және айналма дөңгелегінде Мемлекеттік тудың бейнесі пайда болды.

Астанада концерттер, көрмелер, конкурстар, спорттық турнирлер және т. б. жиыны 50-ден астам мерекелік іс-шара өтеді.