Атамекен кентінде кәмелетке толмаған қыз пеш жаққанда ыстан уланды

Атамекен кентінде кәмелетке толмаған қыз пеш жаққанда ыстан уланды
Фото:pixabay.com/BARBARA808

Өңірде жылыту маусымының басынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қарашада 17 жасар кәмелетке толмаған қыз Павлодар қаласындағы ауруханаға түсіп, көміртегі тотығымен уланғаны анықталды. 

– Атамекен ауылы тұрғынының айтуынша, үйдегі пешті жаққан кезде сәл түтін шыға бастаған. Ол ауа кірсін деп терезе ашып, колледжге оқуға кетіп, оқу орнында өзін нашар сезінген. Алдын ала болжау бойынша үйдегі пештің мұржасы тазаланбаған,– деді департаментте.

Жылыту маусымы басталғаннан бері өңірде ыстан уланудың үш фактісі тіркелді. Нәтижесінде олар көз жұмып, екі адам жарақат алды.  

– Жыл сайын өрттердің 65%-ы жылыту кезеңіне тиесілі. Тұрғын үй секторында өрттердің пайда болуының негізгі себептері – отпен абайсыз болу, электр жабдықтары мен тұрмыстық аспаптарды монтаждау мен пайдалану, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Нәтижесінде, көміртегі тотығымен улану фактілері орын алады,– деді департаментте.

ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.