Павлодарда көлік жүргізушісі бағдаршамға соғылды

Павлодарда көлік жүргізушісі бағдаршамға соғылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, BMW жүргізушісі Ломов және Катаев көшелерінің қилысында жоғары жылдамдықпен келе жатып, рөлді басқара алмай, бағдаршамға соғылған.

Зардап шеккендер жоқ. Аталған фактіге қатысты тексеру жүріп жатыр.