Павлодар облысында құрылыста заңсыз жұмыс істеп жүрген өзбекстандықтар анықталды
Жұмыс беруші де жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер 21 жастан 57 жасқа дейінгі Өзбекстан Республикасы азаматтарының заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады.
- 21 шетелдік азамат нысанның құрылысына тартылған. Бұл ретте жұмысқа орналасуға рұқсаты болмаған және еңбектерін ауызша шарт бойынша жүзеге асырған, - деді департаментте.
Шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК 5-бөлігінің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
ЖШС-нің 34 жастағы басшысы болып табылатын ҚР азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 100 АЕК айыппұл салынды.