Павлодарда жоғалған қыз табылды
10 жасар Жанерке Бураханова бүгін түстен бері хабарсыз кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы "Vita" еріктілер жасағы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
- Жанерке аман-есен табылды. Жақындарыңызға және өздеріңізге абай болыңыздар, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Жанерке 17 сәуір күні, сағат 12:30-да Салтыков-Щедрин көшесінде орналасқан мектептен шыққаннан кейін үйіне оралмаған.
Оқушы қыздың қайда болғаны туралы нақты мәлімет жоқ.