Ақсу автобустары уақытша маршрутты өзгертеді

Қала тұрғындарынан сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ақсу әкімдігінің ақпараты бойынша, 11-13 маусым аралығында Астана көшесіндегі магистральдік жылу желілері қайта жаңартылады. Осыған байланысты Пушкин көшесімен қиылыста аталған көше бойынша қозғалыс уақытша жабылады.
Уақытша № 3, 4У, 5, 6 автобустары, сондай-ақ «Беловка» және «ЕЭК» АҚ өтпелі маршруттары Пушкин көшесімен жүреді.