Павлодарда бірнеше тұрғын үй сусыз қалады

Павлодарда бірнеше тұрғын үй сусыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалада су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 сәуір күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін су уақытша тоқтатылады:

  • Н. Назарбаев даңғылы, 287, 289, 291.

18 сәуір күні Бұқар жырау көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан су құбырына жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су болмайды:

  • Бұқар жырау көшесі, 9, 11, 11/1, 13, 15, 17, 21, 21/1, 23, 9/2 (№2 БЖСМ), 19 (№3 ЖОББМ);
  • Лермонтов көшесі, 92, 92/1, 94, 96.

Компания уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарды су қорын алдын ала дайындап алуға шақырады.