Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшыларын күйік шалды
Екі кран машинисі зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу ферроқорытпа зауытының мәліметінше, өндірістегі жазатайым оқиға 24 мамыр күні орын алған.
Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі тексерістен кейін үйіне қайтарылды.
Оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, мән-жайы анықталып жатыр. Компанияда қызметкерлерге барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.