Павлодар облысында екі адамды көлік қағып кетті
Жаяу жүргіншілер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан екі адам жарақат алды.
29 наурызда Павлов көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде «Skoda Octavia» маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Сол күні Екібастұз қаласында сауда үйлерінің біріне қарама-қарсы тұрған «Toyota Highlander» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
– Екі жағдайда да жаяу жүргіншілер қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, рұқсат етілмеген жерлерде жолды кесіп өтті. ЖКО салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте.
Айта кету керек, ағымдағы жылы облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен белгіленген талаптарды бұза отырып, 26 оқиға тіркелді. 28 адам дене жарақатын алып, біреуі қаза тапты.