«Ақсу» ФК ойыншылары мұқтаж жандарға көмектесті

«Ақсу» ФК ойыншылары мұқтаж жандарға көмектесті

«Ақсу» футбол клубының ойыншылары қасиетті Рамазан айы қарсанында мұқтаж отбасыларға жәрдем берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ақсу» футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, ойыншылар қосылып жинаған қаражатқа азық-түлік жиынтықтарын сатып алып, әр отбасыға  жеткізіп берді. 

– Қасиетті Рамазан айының құрметіне «Ақсу» футбол клубы ойыншыларымен бірге мұқтаж отбасыларды аралап, азық-түлік түрінде қолдау көрсетуді ұйғарды. Біздің бастамамызды қолдаған ойыншыларымызға үлкен рахмет айтқымыз келеді. Қасиетті айда ғана емес, әдеттегі күндерде де жақсылық жасауға асығайық, –  деді «Ақсу» футбол клубының директоры Әлихан Лесов.

Сондай-ақ, матч алдындағы жаттығуға Павлодар облысының имамы Жолдас қажы қатысып, алдағы матчтарда командаға сәттілік тіледі.

Футбол клубы қайырымдылық акциясына көмектескені үшін «Мейірімділер клубына» алғыс білдіреді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? FC «Aqsu» (@fcaqsu)