Ақсуда картоп ұнын өндіру бойынша инвесторлармен кездесу өтті

Ақсуда картоп ұнын өндіру бойынша инвесторлармен кездесу өтті
Фото: pixabay.com/\MV-Fotos

Жобаның негізгі кезеңдері мен инфрақұрылымға деген қажеттіліктер талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Болатбек Шәріпов картоп өңдеу және чипс өнімдерін өндіру зауытының құрылыс жобасының инвесторларымен кездесті.

–  Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 10 000 тонна шикізат, нәтижесінде 150 жұмыс орны құрылады, – деді Болатбек Шәріпов.

Жоба аясында жылына 3000 тоннаға дейін GRIZZLY және SLANG сауда белгілерімен Леди Клэр сортты картоп чипстеріншығару, сондай-ақ қалдықтарынан картоп ұнын өндіру жоспарлануда.

Жобаны жүзеге асыру 2025–2026 жылдарға жоспарланып отыр. Жоба ішкі нарыққа (85%) және экспортқа (15%-ға дейін) бағытталған.