Ақсуда жазғы маусым суретшілердің плэнерімен ашылды
Астаналық суретші шеберлік сағат өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Энергетиктер қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында «Ақсу толқыны» атты жазғы маусымының ашылуы өткізілді. Шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, СәбитДөнентаев мәдениет сарайы, орталықтандырылған кітапханасы ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама «Ақсу айдынында» атты ашық аспан астындағы поэзиялық кешінен басталды. Сахнада 18 адам, оның ішінде жеті жас ақын және «Родник» поэзия клубының 11 мүшесі өнер көрсетті. Алаңда бірнеше көрме өтті – «Жаңа кітаптар әлемі», қолданбалы өнер және суретшілердің пленэрі. Қазақстанда танымал суретші – ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Гиннес рекордсмені, Суретшілер одағының мүшесі, Еуразиялық одақ мүшесі дизайнерлер және Санкт-Петербург шығармашылық одағының үйлестіру кеңесінің мүшесі Ренат Елубаевтың шеберлік сағатыжәне зағип жандардың туындыларын көрсетті. Қазір Астана тұрса да, өзінің бала шағын Ақсуда өткізді. Бүгінде Ақсуда суретшінің туыстары, достары тұрады.
– Зағип жандар ішкі сезімдерімен бөлісе отырып, сурет салады. Сондықтан да, олардың жұмыстары ерекше болып көрінеді. Ақсулықтармен бірге көзді байлау арқылы сурет салу бойынша шеберлік сабақ өткіздім,– деді Ренат Елубаев.
Бұдан бөлек саябақта шахмат – дойбы клубы, спорттық және балалар ойын-сауық алаңдары болды. Кеш шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концертке ұласып, DMC PUMBA диджейлердің қатысуымен би кешімен аяқталды.