Ақсуда Өзбекстан азаматтары ұсталды
Материал сотта қаралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заңсыз келу-2024» жедел алдын алу шарасы барысында суармалы алқаптарды тексеру кезінде тиісті құжаттарсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының тоғыз азаматы анықталды.
– Заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралды. Сот шешімімен барлық шетелдіктер Қазақстан Республикасынан шығарылды, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.
Шетелдік азаматтарды тартқан, бірақ олардың болуын заңдастыруға үлгермеген жұмыс беруші де жазаланады. Жұмыс берушіге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.