Павлодарлық депутаттар мәслихаттарға жан бітіруде
Мәслихаттар рөлін күшейтудің әртүрлі тетіктері пайда болуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы мәслихат депутаттарының І Форумында сөйлеген облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко мәслихаттардың бүгінгі күні жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың органдарын бірдей атқаратын институтына айналды.
Илья Теренченконың айтуына қарағанда, депутаттар тұрғындармен жұмысты күшейтіп, олардың проблемаларын шешуге атсалысуда. WhatsApp мессенджерінде +7 775 404 1555 нөмірі бойынша арнайы тікелей желі іске қосылды. Мысалы, қала тұрғыны онкологиялық ауруды емдеуге қажет дәрі-дәрмек сұрап көмекке жүгінген болатын.
- Аталған препараттар елімізде тіркелмеген. Өтініш беруші «Қазақстан халқына» қорына сауал жолдап, облыстық мәслихат қордан көмек беруді өтінді. Мәселе оң шешімін тауып, Павлодар тұрғыны өзіне қажетті дәрі-дәрмекті аз уақыт ішінде алды, - деді депутат.
Өтініш берушілермен жұмысты жақсарту, проблемалар бойынша жедел әрекет ету үшін азаматтармен жұмыс секторы құрылды. Ол өтініштерді қарап, мониторинг жүргізеді, өтініштерге сараптама жүргізеді.
«AMANAT» партиясының қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясы 2GIS мобильдік қосымшасында депутаттардың барлық мәліметтері берілген персоналды карталарын жасап шығарды.
Жоспарда қалалық және аудандық мәслихаттардың іс басындағы және бұрынғы төрағалары, барлық шақырылымдағы депутаттар мен 35 жасқа дейінгі жас саясаткерлер клубының мүшелері енетін Павлодар облысы мәслихаты тәлімгерлері кеңесін құру бар.
Жас саясаткерлер клубын құрудағы мақсат – жастарды саясатқа көбірек араластырып, өскелең ұрпақ арасында саяси мәдениетті дамыту және саяси көшбасшылар мен белсенділердің жаңа легін қалыптастыру.
Өз кезегінде, партияның облфилиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова филиал жанындағы қоғамдық кеңестер жұмысы туралы баяндады. Әртүрлі бағытта істейтін барлығы тоғыз кеңес құрылды.
- Әрбіреуі өзіндік қолтаңба мен жұмыс жүргізудегі өзіндік бағыты бар. Биыл Денсаулық сақтау министрлігіне 200 адамнан кем елді мекендерге арналған медициналық нысандардың типтік жобаларын жасақтауды тездету туралы өтініш жолдадық. Сондай-ақ Ақтоғай ауданы Шілікті және Екібастұздағы Құрылысшы ауылдарындағы медицина нысандарына қажетті қаражатты республикалық бюджеттен бөлінуі туралы өтініш жолдаған едік, - деді Айгүл Мәлікова.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қоғамдық орындардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға деген қолжетімділігін анықтайтын мониторинг жүргізіледі. Мысалы, сондай тексерістің нәтижелерінде Пограничник ауылында құрылыс кезінде ақаулар анықталып, мердігер олардың мүгедектерге ыңғайлы етіп өзгертуге мәжбүр болды.
Фото: Константин Шелков