Ақсудың кейбір тұрғын үйлерінде үш апта ыстық су болмайды

Ақсудың кейбір тұрғын үйлерінде үш апта ыстық су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кварталішілік жылу желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, 1-19 шілде аралығында келесі мекенжайлар бойынша ыстық сумен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:

  • М. Мәметова көшесі, 4, 10, 12, 16, 20, 22, 30, 32;
  • Астана көшесі, 13, 13/1, 13а, 17, 19, 21, 21а, 27, 29, 29а, 31, 35;
  • Пушкин көшесі, 40, 40а, 44, 44а.