Ақтоғай ауданында этнос жастары арасында байқау өтеді

Ақтоғай ауданында этнос жастары арасында байқау өтеді
Фото: Константин Шелков

15-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі этнос жастары арасында «Жүзден жүйрік» атты аудандық конкурс жариялады.

–     Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында байқау ұйымдастырамыз, – делінген хабарламада.

Байқауға Ақтоғай ауданының әр ауылдық округінен 15 пен 35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Облыстық деңгейде өтетін конкурыстың аудандық кезеңі қараша айында қазақ тілінде өтеді. Қатысушылар алдымен өзін-өзі таныстырып, белгіленген тақырыпта белгілі ақындардың поэзиялық шығармасын мәнерлеп оқиды. «Мақал-мәтелді жалғастыру», «жаңылтпаштарды қайталау», «жұмбақтардың жауабын табу», «тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру» секілді ұяшықтардың ішінен өзі таңдап алғанды орындайды әрі таңдап алған салт-дәстүрге анықтама береді.

Конкурсқа қатысуға өтінішті қараша айының 20-на дейін тапсыру керек.Толық ақпарат алу үшін 8 (7184) 12-11-46, +7 (777) 868 64 62 нөміріне хабарласып, не болмаса оvpakt@mail.ru электрондық поштаға жазуға болады.