Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылып, мерт болды
Апаттың алдын ала себебі - жүрек талмасы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы облыстық полиция департаменті мәлім етті.
– Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылды. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды,– дейді департаментте.
Белгілі болғандай, жол апаты Казправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған.