Аққулыда көліктің сынып қалуынан екі адам трассада қалып қойды
Оларға ТЖМ қызметкерлері көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аққулы ауылының маңында, республикалық маңызы бар автожолда екі жолаушысы болған жеңіл автокөліктің ақаулығына байланысты жүрісін жалғастыра алмады.
ТЖМ қызметкерлері шақыруға жедел шығып, авариялық-құтқару іс-шараларын жүргізді, құтқару жұмыстары барысында екі жолаушы құтқарылып Аққулы ауылында орналасқан жылыту пунктіне жеткізілді.
Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.