Баянауыл ауданында роботехника кабинеті ашылды
Жұмат Шанин ауылындағы Қошке Кемеңгеров атындағы жалпы орта мектебінде ашылған кабинет заманауи үлгіде жабдықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, іс-шараға қазақ халқының біртуар перзенттерінің бірі Қошке Кемеңгеровтің ұрпақтары және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мұрындық болған.
– Кабинетке жеңіл жөңдеу жұмыстары жасалып, 3 миллион 400 мың теңгеге оқушыларға арналған 10 жұмыс контейнері сыйға тартылды. Бүгінде IT саласындағы өзгерістер адамзаттың өмірін өзгертуде. Кабинетті ашудың басты мақсаты – заман талабына сай оқушылардың робототехника мен цифрлық технологияларды меңгеруіне жағдай жасау. Мектебіміздің оқушылары IT саласында зор үлесін қосады деген сенімдеміз, – дейді білім беру бөлімінің әдіскері Махаббат Сәдуақасова.
Роботехника кабинетінің ашылуына ардагер ұстаз, Ресейдің «Оқу-ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі иегері, алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қошке Кемеңгеровтің немересі Ризабек Нарманбетұлы мен шөберелері – Л.Н.Гумилев атындағы университеттің профессоры, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, Бейбіт Кемеңгер қатысты.