Павлодарда бірнеше қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Павлодарда бірнеше қоғамдық көлік уақытша жүру бағытын өзгертеді

Олар екінші Павлодар арқылы жүретін №1, 003, 3 және 16 автобус маршруттары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, өзгеріс ертеңнен яғни 15 қыркүйектен басталады.

№ 1, 3 автобус маршруттары АЦТО соңғы аялдамасынан шыққан кезде жүретін бағыты Жібек жолы – Малайсары батыр көшесі – одан әрі маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

Ал № 003 автобус шығыстан батысқа қарай жүру кезіндегі бағыты Салтыков-Щедрин - Минин – Геринг – Российская - Аймауытов көшелері - одан әрі маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

№ 16 автобус солтүстіктен оңтүстікке қарай жүретін бағытында Қамзин - Геринг – Минин - Салтыков-Щедрин көшелері - одан әрі маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.