Баянауыл ауданында улы қарақұрттардың жұмыртқалары табылды

Баянауыл ауданында улы қарақұрттардың жұмыртқалары табылды
Фото: pexels.com

Орманшылар өрмекшітәрізділердің қаупі туралы алдын ала ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Торайғыр ауылының алтыншы орамында, яғни көлдің тасты жерлерінде қарақұрттардың жұмыртқалары бар екендігін хабарлайды. 

– Жаз маусымында қарақұрттардың қайта шығу ықтималдығы бар. Сондықтан, жергілікті тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз,– делінген хабарламада.


Егер адамды қарақұрт шағып алса, жедел медициналық көмекті шақыру керек. Сондай-ақ, 2-3 минут жараны сіріңкемен күйдіруге болады. Ол уланған жердің улы әсерін жояды.