Баянауыл курорттық аймағының ашылуында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

Баянауыл курорттық аймағының ашылуында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

Жасыбай Баянауыл курорттық аймағында жазғы маусымның ашылуына небары 3 күн қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәлімдеуінше, Жасыбай демалыс аймағы 17 маусымда ашылады.

- Сол күні сағат 12.00-ден бастап көлдің демалыс аймағында түрлі мерекелік іс-шаралар өтеді. Іс-шара аясында мерекелік бағдарлама, отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, қолөнер жәрмеңкесі, көшпелі сауда, спорттық ойындар, дискотека және мерекелік сыйлықтар тарату жоспарланған, - делінген хабарламада.

Маусымның ашылуында Ерлан Малаев, Әмір Нұрлан тәрізді танымал әншілер мен жас өнерпаздар болады.

Айтулы шараға қатысуға ниетті еріктілер мен қатысушылар үшін Баянауыл ауданына 17 маусым күні сағат 7.30-да  МәшҺүр Жүсіп көшесі, 32 мекенжайындағы "Достық үйі"-нің жанынан шығу жоспарланған.