Баянауылда Ақбет тауынан бес турист құтқарылды

Баянауылда Ақбет тауынан бес турист құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың арасында үш бала болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Баянауыл ауданындағы Жасыбай демалыс аймағында құтқарушылар Ақбет тауынан өздігінен түсе алмай қалған бес туристке көмек көрсетті.

Туристер тауға көтерілгеннен кейін төмен түсу кезінде қиындыққа тап болған. Құтқарушылар арнайы жабдықтардың көмегімен оларды қауіпсіз жерге түсірді.

– Бес турист те аман-есен эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп хабарлады департаментте.

Құтқарылғандардың үшеуі – бала.