Кенжекөлде үй құрылысын жүргізген жұмысшы қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, деп хабарлайды @Pavloarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
– Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша, Кенжекөл ауылында жеке тұрғын үйдің құрылысы кезінде екі адам зардап шеккен, олардың бірі оқиға орнында көз жұмған, – деді департаментте.
Бұл ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті оқиғаға байланысты тергеу ашты.