Биыл Атамекен кентінің сегіз көшесінде жолдар жөнделеді
Бұл кент тұрғындары үшін жол жағдайларын едәуір жақсартады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылы жол және көлік инфрақұрылымдарын дамыту мен жаңғыртуды іске асыру шеңберінде ұзындығы 8,81 шақырым сегіз көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
– Аталған іс-шаралар кентте сапалы және қауіпсіз жол желісін құруға бағытталған әрі жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының өсуіне және өмір сүру жағдайларының жақсаруына ықпал етеді, – дейді Атамекен кентінің әкімдігінде.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен ауылда тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Былтыр ауыл үшін маңызды жоба іске асырылды – №31 мектепке арналған жаңа қазандық салынды. Ескі қазандықтың қуаты жеткіліксіз болды.
Үш мектепке жалпы ұзындығы 880 метр болатын жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Республикалық трасса бойымен ұзындығы 333 метр болатын қоршау орнатылды. Ауылдың кіреберісіне стелла қойылды.
Кішкентай ауыл тұрғындары үшін алты балалар алаңы орнатылды. Биыл тұрғындардың өтініші бойынша Айдағұл және Мақажанов көшелерінде тағы екі алаң пайда болады.
Айта кетейік, жол-көлік желісі — экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудің негізгі элементтерінің бірі. Мемлекет басшысы көлік секторының инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту міндетін қойды.