Павлодар әуежайы қалай қалпына келтірілуде?

Аймақ басшысы қайта қалпына келтіру қарсаңында әуежайды аралап шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жобалаушы және мердігермен кездесуде әуежайдың уақытша жабылуының техникалық себебі ұшу-қону жолағының тозуы себеп болғаны айтылды.
– Жабындының көптеген ақаулары болды, ұшақтың ұшып көтерілуі және қонуы кезінде жоғары қауіп тудырды. Бұл жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігіне әсер етті, – деді Асайын Байханов. – Қазіргі заманғы ірі габаритті жүк және жолаушы ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік беретін ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізу және оны кеңейту туралы шешім қабылданды.
Аймақ басшысы әуежай Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы стратегиялық тиімді бағытта орналасқанын еске салды. Бұл әуежай болашақта халықаралық рейстерге қызмет көрсете алады.
– Біз еліміздегі барлық авиациялық жанармайдың 35 пайызын өндіреміз. Павлодар мұнай-химия зауыты тура мағынасында әуежай қоршауының артында орналасқан. Мұнай өңдеу зауыттары бар Атырау мен Шымкентті қоспағанда, біздің елімізде авиажанармайдың құны кез келген жағдайда басқа қалаларға қарағанда төмен болады, – деді облыс әкімі.
Тек логистиканың арқасында бір ірі ұшақта үнемдеу 1600 долларға жетуі мүмкін, бұл Павлодарды жүк тасымалдаушылары үшін тиімді етеді.
– Екінші кезең – әуежай ғимаратын жолаушыларға ыңғайлы және авиациялық қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай ету, – деп атап өтті Асайын Байханов. – Әуежай терминалын қайта құру мәселесіне 15 жылдан кейін қайта оралмайтындай жасау керек.
«Семипалатинскгражданпроект» жобалау институтының төрағасы Игорь Грищенконың айтуынша, терминал Астана әуежайындағы елорда терминалының үлгісі бойынша жобалануда. Жолаушыларға келетін және кететін жеке кіреберістер, эскалаторлар, кең күту залдары, тіркеу және қауіпсіздік аймақтары, әуе кемелеріне отырғызуға арналған реактивті көпірлер, бизнес-залдар және заманауи қауіпсіздік жүйесі бар екі деңгей қарастырылған.
– Жоба әзірленуде, қазір біз шығындарды оңтайландырудамыз: құнын 12-ден 10,2 миллиард теңгеге дейін төмендетуді көздеп отырмыз, – деп түсіндірді дизайнер.
Мердігер ұйымның өкілі Александр Андрейчук ұшу-қону жолағындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 1 қарашаға дейін аяқталуы тиіс екенін хабарлады. Осыдан кейін пайдалануға беру процесі басталады: жабдықты сынау, сертификаттау, авиациялық билікпен келісіп, комиссиялық қабылдау. Бұл шамамен бір айға созылуы мүмкін, сондықтан болжам бойынша 1 желтоқсанда іске қосу жоспарланып отыр.