Биыл магистратураға түсетіндер қандай мамандықтарды таңдады

Биыл магистратураға түсетіндер қандай мамандықтарды таңдады

1 маусым мен 15 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылданып бітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, республика бойынша 42 569 өтініш келіп түскен.

Ең көп таңдалған білім салалары:

- Педагогикалық ғылымдар;

- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;

- Бизнес, басқару және құқық.

Кешенді тестілеудің күні, уақыты және орны жайлы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 18 шілдеде жарияланады.

Айта кетейік, тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатпен кіргізеді (жеке куәлік немесе паспорт).