Екібастұз қаласында бірнеше сауда павильонынан өрт шықты
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
25 маусым күні кешкі сағат 22:43-те Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан екі сауда павильонынан өрт шыққаны туралы 101 қызметіне хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері павильондардың жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын қаптамасы, ағаш конструкциялары, жиһазы мен жабдықтарын шарпыған жалынды сөндіруге кірісті.
– Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қызыл жалын жарты сағат ішінде толықтай сөндірілді. Оттың басқа нысандарға таралуына жол берілмеді, – деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының екінші мамандандырылған және алтыншы өрт сөндіру бөлімінің күштері мен техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңызыды екенін еске салады. Электр құралдарын қараусыз қалдырмауға және өрт қаупі туындаған жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласуды ескертті.