Павлодарда мектептегі зорлыққа қатысты полиция тексеруді бастады

Павлодарда мектептегі зорлыққа қатысты полиция тексеруді бастады
Фото Константин Шелков

Материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы факті туралы полицияға хабарламағаны үшін мектеп әкімшілігіде жазасыз қалмайды.

- Мәселен, 4-сыныптың  ата-аналарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасауға әкеп соққан кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қарау үшін материалдар сотқа жіберілді, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, осы факті туралы полицияға хабарламағаны үшін мектеп әкімшілігіне қатысты материал ҚР ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.

Еске сала кетейік, болжам бойынша, балаға өзі оқитын мектептің оқушысы шабуыл жасаған. Баланы қорлау туралы ата-аналар қалалық мәслихат депутатына мәлімдеді. Автор мектеп оқушысы жоғары сынып оқушыларынан зардап шеккенін айтқан.