Павлодар облысында екі жыл бұрын мал ұрлаған ұры қолға түсті
Ол 2021 жылы жайылымнан 14 бас жылқыны айдап кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында облыс аумағында 15-18 мамыр аралығында «Мал ұрлаушы» республикалық жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел- алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған 1 қылмыс ашылып, жоғалған малдың орналасқан жері анықталды.
Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Павлодар ауданының 37 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтап, ұстады. Ол 2021 жылдың желтоқсан айында Павлодар ауданында орналасқан еркін жайылымнан 14 бас жылқыны ұрлаған. Жылқылар иесіне қайтарылды.
- Аумақтық ауылшаруашылығы басқармаларының мамандарын тарта отырып, тиісті құжаттаманың бар-жоғына мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автомашиналарды тексеру ұйымдастырылды. Тасымалданатын малдың сол адамдарға тиесілі екенін тексеру мақсатында базарларда, мал және ет өнімдері сатылатын сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Заңсыз сақталған атыс қаруын табу және алып қою мақсатында шаруа қожалықтары, фермалар мен шалғайдағы нүктелер де тексерілуде, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Бұдан басқа, мал сою және ет өнімдерін өткізу орындары, сондай-ақ дайындаушылар, қайта сатып алушылар мен өткізушілер тексеруден өтті.
Бірінші күні ілеспе құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың 4 фактісі анықталды. Сондай-ақ, бақылаусыз мал жаюдың 3 фактісі тіркелді. Иелері ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.