Екібастұзда ірі сауда үйінің төбесі құлады

Шұғыл қызметтер себебін анықтауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
М. Әуезов көшесіндегі «Maxi mall» сауда үйінде ауданы 150 шаршы метр төбенің бір бөлігі құлады. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу жетті.
6-ӨСБ бастығының орынбасары Асхат Амангелдиевтің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнында кезекшілік етуде.