Железин ауданында өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелді

Железин ауданында өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

1000 тұрғынға 12,75 адам, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаменті 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы демографиялық жағдай туралы ақпарат ұсынды. 

2025 жылғы 1 қаңтарда өңірде халық саны 751038 адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 534288 адам, ауылдықтар – 216750 адам. Былтыр 9142 сәби дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 7242 адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 1900 адамды құрады. 

Туудың ең жоғары деңгейі Баянауыл ауданында (1000 тұрғынға 16,30 адам) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Железин ауданында (1000 тұрғынға 12,75 адам) тіркелді.

Сонымен қатар 4525 неке құрылса,  2329 ажырасу болған.

Облысқа келгендер саны – 11730 адам, облыстан кеткендер саны – 16526. Осылайша теріс көші-қон айырымы тіркелді – 4796 адам. Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 1423 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 1003 адам (56,1% – Ресейден, 24,8% – Түрікменстаннан келген), ал әлемнің басқа елдерінен 420 адам көшіп келді (50,2% Моңғолиядан).

Қазақстанның басқа өңірлерінен 10307 адам көшіп келді, олардың 30,7% – Астана қаласынан, 10,4% – Түркістан облысынан. Облыстан республика шегіне – 1053 адам, соның ішінде ТМД елдеріне – 808 адам (97,2% Ресейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 245 адам қоныс аударды (86,9% Германияға). 

Қазақстанның басқа өңірлеріне 15473 адам көшіп кетті, олардан 53% – Астана қаласына, 9,9% – Алматы қаласына.

Өңірлік қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырмасы Павлодар қаласында (3994 адам), Екібастұз қаласында (86 адам) байқалады.