Павлодарда көктемгі әскерге шақыруға дайындық басталды
Әскер қатарына шақырылу жасындағы жігіттер әңгімелесуге шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменттің мәліметінше, қорғаныс істері жөніндегі басқарма облыс орталығы аумағында көктемгі әскер қатарына шақыру бойынша дайындықтың бірінші кезеңі 10 қаңтарда бастады.
– Азаматтарды шақыру барысында шақырылушымен, ата-анасымен немесе шақырылушыны тәрбиелеумен айналысатын тұлғалармен жеке әңгіме ұйымдастырылады, – деп жазылған хабарламада.
Шақырылушыларды зерттеу олар жедел әскери қызметтен өткен жағдайда рухани-іскерлік қасиеттерін, физикалық дамуын, білімі мен денсаулық жағдайын анықтау, оларды мамандықтары бойынша рационалды бөлу мақсатында өткізіледі.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 8 қарашадан бастап әскери есеп жаңа форматта жүзеге асырылады. Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы әскери міндеттемелер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді.
Тұрақты тұратын жерін ауыстырған кезде әскери комиссариаттарға немесе ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Мекенжайы өзгерген кезде әскери есеп автоматты түрде өзгереді.
Әскери қызметті өтемеген, оның ішінде 27 жасқа толған адамдарға бұдан былай әскери билеттерді алу үшін жүгінудің қажеті жоқ. Оларға әскери билеттер берілмейді. Оның орнына әскери міндеттіліктің мәртебесі, оның әскери есебі Egov жеке кабинетінде көрсетіледі.
Жұмысқа орналасу кезінде енді әскери қызметке қатысты анықтамалар алу үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. Жұмыс беруші бұл ақпаратты Egov-та өз бетіне көре алады.